Қазақстанда жол апаты жиі болатын учаскелер анықталды

168

Бұл туралы көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдеді.  

Қазақстанда жол апаты жиі болатын учаскелер анықталды Фото: kzaif.kz

Жиі апат болатын учаскелерде жылдамдық төмендетіліп, жаңа жол белгілері қойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ең апатты учаскелер анықталды. Қазір бұл жолдарда жылдамдықты төмендету, қажетті белгілерді орнату бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Аталған шаралар жалғасады", – деді Мақсат Қалиақпаров Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, жақында Ақтөбе облысындағы қауіпті жолдың бір бөлігі жөнделген, осыдан кейін ол жерде бірде-бір жол апаты тіркелмеген.

"Ақтөбе облысында бірнеше апатты қауіпті учаске бар. Соның бірінде жуырда тиісті шаралар қабылданды және расымен өзгерістер енгізілгеннен кейін бірде-бір жол апаты болған жоқ. Қазақстан бойынша мұндай учаскелер елуге жуық. Барлық өңірде жұмыстар жүріп жатыр, жол белгілері орнатып, ерекше бақылау күшейтілуде. Мұны ІІМ мен ТЖМ қызметтерімен бірлесіп істеп жатырмыз", – деп мәлімдеді Мақсат Қалиақпаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу