Қазақстанда жүк тасымалы құжаттарын цифрлық тіркеу міндетті болады

145

3,5 тоннадан асатын көліктерге жаңа талап енгізіледі. 

Қазақстанда жүк тасымалы құжаттарын цифрлық тіркеу міндетті болады Фото: inbusiness.kz

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі 2026 жылғы 1 маусымнан бастап жол парақтары мен тауар-көлік жүкқұжаттарын міндетті түрде Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде (КҚББЖ) тіркеу енгізілетінін хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл талап салмағы 3,5 тоннадан асатын автокөлік құралдарымен жүк тасымалдарын жүзеге асыратын нарық қатысушыларына қолданылады. Аталған санаттағы тасымалдар бойынша барлық жол парақтары мен тауар-көлік жүкқұжаттары жүйеде тіркелуі тиіс.

"Аталған норма Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына 2020 жылы енгізілген. Кейіннен бизнеске қолайлы жағдай жасау және жүйені техникалық тұрғыдан жетілдіру мақсатында оны қолдану міндетті емес сипатта болды.

Құжаттарды жүйеде тіркеу тасымалдауды ресімдеу үдерістерін оңайлатуға, қағаз құжат айналымын азайтуға және құжаттарға электрондық форматта қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Естеріңізге сала кетеміз, құжаттарды ресімдемеу, оларды тіркемеу немесе жалған мәліметтер енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571-1-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген", – делінген министрлік хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу