"Қазақстан темір жолы" қозғалыс қауіпсіздігін және тасымалдау процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін магистральдық желіге жүктемені реттеу бойынша уақытша шараларды енгізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Парктің ағымдағы профициті көршілес теміржол әкімшіліктерінің бос вагондарды тасымалдауға конвенциялық тыйым салуымен байланысты, бұл ҚР резиденттері меншігінің вагондарын ұлттық желіге жаппай қайтаруға және шектес теміржол әкімшіліктерінің артық жылжымалы құрамын "ҚТЖ" ҰК" АҚ инфрақұрылымына ығыстырып шығаруға әкелді.
Бұл жағдайлар желінің өткізу қабілетіне салмақ түсіреді және отандық операторлық қызметтер сегментіндегі нарықтық жағдайға теріс әсер етеді.
ҚР Көлік министрлігі мен "ҚТЖ" ҰК" АҚ атына жылжымалы құрамның ірі меншік иелерінен ішкі нарықты қорғау үшін реттеу шараларын қабылдау туралы ұсыныстармен өтініштер келіп түсті.
Осыған байланысты тасымалдау процесінің қауіпсіздігіне жауапты ұлттық оператор ретінде "ҚТЖ" ҰК" АҚ өз вагондарын тіркеуге уақытша шектеулер енгізеді. Аталған шаралар тек қана инфрақұрылымдық жүктемені басқаруға және Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің технологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазіргі уақытта тіркеу қағидаларына БҚДА мен Көлік министрлігі талаптарын ескеретін және ресми тіркеуден өткен өзгерістер енгізілді.