Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерлеріне киберқауіпсіздікті оқытуға міндеттеледі

342

Бұл туралы ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев мәлімдеді.  

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерлеріне киберқауіпсіздікті оқытуға міндеттеледі Фото: ortcom.kz

Оның айтуынша, мұндай талап алғаш рет Еңбек кодексінде бекітілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Еңбек кодексіне алғаш рет жұмыс берушілер мен қызметкерлердің киберқауіпсіздік және кибермәдениет талаптарын сақтау міндеттері енгізілді. Бұл әрбір қызметкердің цифрлық қауіпсіздігін қорғауға қажетті базалық білім мен дағдыны меңгеруіне, сондай-ақ ақпараттық жүйелер мен қызметтік деректерді қауіпсіз пайдалануға бағытталған, – деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Жаңа нормаға сәйкес, жұмыс берушілер киберқауіпсіздікке қатысты ішкі қағидалар немесе регламенттерді бекітіп, қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыруға тиіс.

Оның айтуынша, киберқауіпсіздік пен кибермәдениетке қатысты әдістемелік ұсынымдар Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында және электрондық үкімет порталының "Көмек" бөлімінде жарияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу