Қазақстанда жүргізушілерге салынатын айыппұлдың 50% жеңілдігін алып тастау қарастырылып жатыр

108

Мұндай бастаманы сенатор Марат Қожаев ұсынған.      

Қазақстанда жүргізушілерге салынатын айыппұлдың 50% жеңілдігін алып тастау қарастырылып жатыр Фото: t.me/qazavtojol

Сенатор Марат Қожаев палата кулуарында жол қозғалысы ережесін өрескел әрі жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерді айыппұлдың жартысын төлеу мүмкіндігінен айыру жөніндегі бастамасына қатысты түсінік берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұсыныс Үкіметте қаралып, қолдау тапқан.

"Мен бір жыл ішінде 10 реттен артық ЖҚЕ бұзатын, яғни жүйелі түрде құқықбұзушылық жасайтын адамдарды осы жеңілдіктен айыруды ұсындым. Олар 10-реттен кейін 11, 12 немесе 13-рет құқықбұзушылық жасаған жағдайда айыппұлды толық көлемде төлеуі керек. Бізде заңдар пакетпен қабылданады, сондықтан ӘҚБтК-ге келесі өзгерістер енгізілген кезде мен осы түзетулерді бастама ретінде ұсынатын боламын", – деді сенат депутаты Қожаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу