Жобалар Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанның авиациялық инфрақұрылымын дамыту аясында жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Үкіметте ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.
Сонымен қатар, қолданыстағы әуежайларды жаңғырту жұмыстары да жүргізілуде. Алматы және Үржар әуежайлары жаңғыртылып, Шымкентте екінші ұшу-қону жолағы салынуда.
2026 жылдың тамыз айында Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағы реконструкцияланып, Арқалық әуежайы қайта ашылды.
Халықаралық әуе қатынасының географиясы кеңейіп келеді. 2026 жылдың 30 қарашасында Алматы – Токио бағыты бойынша алғашқы рейс жоспарланған.
2027 жылы Вена, Нью-Йорк, Милан және басқа да қалаларға жаңа әуе бағыттарын ашу көзделген.
Негізгі авиациялық хабтар айқындалып үлгерді. Оларда арнайы экономикалық аймақтар режимі енгізіліп, жанармай құю кешендері мен жүк терминалдары жаңғыртылуда. Мультимодальды тасымалды дамыту мақсатында оларды теміржол және автомобиль жолдары инфрақұрылымымен байланыстыру көзделген.
Бұған дейін Астанада жаңа әуежайдың құрылысы басталатынын жазған едік.