Қазақстанда жылу-электр орталықтарын хакерлік шабуылдардан қорғау үшін Киберқауіпсіздік орталығы құрылады

152

Отын-энергетика кешенін киберқатерлерден қорғау үшін Қазақстанда мамандандырылған ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылатын болады. 

Қазақстанда жылу-электр орталықтарын хакерлік шабуылдардан қорғау үшін Киберқауіпсіздік орталығы құрылады Фото: stan.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде қабылданған бұл шешім туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун айтып берді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мұндай құрылымды құру қажеттігі энергетика объектілерін қарқынды цифрландыру аясында киберқатерлердің өсуіне байланысты пайда болған. Вице-министрдің айтуынша, цифрлық басқаруға көшу ЖЭО сияқты нысандардың жұмыс тиімділігін арттырғанымен, сонымен бірге сырттан араласу қаупін де тудырып отыр.

"Бұл өз алдына жеке маңызды сала болғандықтан, мұнда саланың ерекшелігін, онда қандай құрылғылар барын, қандай үзілістер болатынын білетін мамандар қажет. Міне, осы бағыт пен процестерді түсінетін мамандар ғана барлық маңызды энергетикалық нысандарға жаңа талаптар әзірлеуі керек", - деп атап өтті Дмитрий Мун

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу