Қазақстандағы АҚШ елшісі ауысады

820

Қазақстандағы АҚШ елшісі ауысады

Әлем елдеріндегі АҚШ елшілерінің барлығы 20 қаңтар күні өз қызметінен босатылады. Олардың қатарында Қазақстандағы дипломатиялық миссияның жетекшісі Жорж А. Крол да бар. Мұндай жарлықты АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың командасы жария етті деп жазады The New York Times.

Басылымның хабарлауынша, бүкіл әлемдегі америкалық елшілердің барлығы Дональд Трамп ұлықталатын күні өз қызметтерін босатуға тиіс.

Айта кетейік, Жорж Крол Қазақстанда 2015 жылдың 8 қаңтарынан бері елші болып қызмет атқарып келеді. Бұған дейін ол 3,5 жылдай Өзбекстандағы дипмиссияны басқарған.

Жорж Крол жерлестеріміздің есінде қазақша сөйлеуімен есте қалатыны сөзсіз. АҚШ елшісі қысқа мерзім ішінде тіл үйреніп, әр мереке сайын ел тұрғындарын қазақ тілінде құттықтап отыратын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу