Қазақстандағы ауасы ең лас қалалар тізімі жарияланды

3584

Рейтингте Бурабай бірінші орында. 

Қазақстандағы ауасы ең лас қалалар тізімі жарияланды Фото: ATPress.kz

iqair.com сайты нақты уақыт режимінде ауасы ең лас Қазақстанның 10 қаласының тізімін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Еліміздің аумақтық бөлінісінде қала санатына кірмесе де Бурабай бұл тізімде бірінші орында тұр. Ондағы ауа сапасының индексі 147 болыпты. 

Бұл рейтингте екінші орында Қарағанды тұр, ауа сапасының индексі 135. Одан кейінгі орында Шетпе (Маңғыстау облысы)  (85) . Ал, ауасы лас қалалардың бірі саналатын

Теміртау төртінші орында (80). Ералиев (Маңғыстау облысы) елді мекені (79) бесінші , Атбасар (Ақмола облысы) (76)алтыншы, Ақтау қаласы (73) жетінші орында тұр.

Ауа сапасының индексі 69 болған Астана қаласы сегізінші болыпты. Тоғызыншы орында Павлодар (64), оныншы болып Жетібай (Маңғыстау облысы) қаласы (55) тұр. 

Ал үнемі түтін басып тұратын Алматы қаласы бұл рейтингке кірмепті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу