Қазақстандағы ауқатты кәсіпкерлердің бірі ұсталды

805

Қазақстандағы ауқатты кәсіпкерлердің бірі ұсталды

"Эксимбанк Қазақстан" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы, Қазақстандағы 50 ауқатты адамның қатарындағы кәсіпкер Еркін Әмірханов ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2018 жылдың 3 мамырында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу департаменті    "Центрказэнергомонтаж" АҚ-ның (Астанада мемлекеттік келісім-шарттар бойынша мердігерлік жұмыстармен айналысады) бұрынғы төрағасы Е.А.Әмірхановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу  амалдарын бастады. Күдіктіге қылмыстық кодекстің 253-бабының 6-бөлімі бойынша (Параға коммерциялық сатып алу)  қылмыс жасады деген айып тағылып отыр", - делінген ҚР ҰҚК берген ақпаратта.

5 мамырда Әмірханов ұсталған, ал 6 мамырда Астанадағы Есіл ауданының №2 сотымен оған қатысты 2 айға "күзетпен ұстау" шарасы қолданылды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес  (Сотқа дейінгі тергеу деректерiн жария етуге жол бермеу туралы) әзірге өзге ақпарат берілмеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу