Қазақстандағы банк секторының активтері 70,5 трлн теңгеге жетті

171

Айта кетейік, бұған дейін екі ай бойы төмендеу тіркелген болатын.  

Қазақстандағы банк секторының активтері 70,5 трлн теңгеге жетті Фото: wfin.kz

Макроэкономикалық сын-қатерлерге қарамастан отандық банк секторы тұрақты өсім көрсетіп келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан банк секторының жиынтық активтері 70,5 трлн теңгеге жетті. Бір ай ішінде көрсеткіш 0,7%-ға, яғни 500 млрд теңгеден астам сомаға ұлғайды.

23 екінші деңгейлі банктің 14-і актив өсімін көрсетсе, 9 банкте керісінше төмендеу байқалды. Айлық өсім бойынша көшбасшы ForteBank атанды. Банк активтері бір айда 173,5 млрд теңгеге немесе 3,5%-ға артты. Нәтижесінде қаржы институтының активтері 5 трлн теңгеден асты. Айлық өсім бойынша екінші орынды Halyk Bank иеленді. Банк активтері 162,9 млрд теңгеге немесе 0,8%-ға көбейді.

Үздік үштікті Bank of China Kazakhstan түйіндеді. Оның активтері 153,3 млрд теңгеге артқан. Сондай-ақ алғашқы бестікке "Отбасы Банк" (+120,2 млрд тг) пен Kaspi Bank (+107,3 млрд тг) кірді.

Жалпы алғанда, орташа жылдық өсім қарқыны 16,8%-ды құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу