Қазақстан белсенді әскери қызметшілер саны жағынан Украина, Әзербайжан, Өзбекстан елдерінен қалып тұр

1570

Қорғаныс саласындағы орташа жалақы 245,4 мың теңгені құрады.  

Қазақстан белсенді әскери қызметшілер саны жағынан Украина, Әзербайжан, Өзбекстан елдерінен қалып тұр

Global Firepower 2022 рейтингінде белсенді әскери қызметшілер саны бойынша Қазақстан әлемдегі 142 елдің ішінде 67-орында тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Рейтинг бойынша еліміздегі әскерилердің саны 45 мың адамды құрады. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Ресей (850 мың адам), Украина (200 мың), Әзербайжан (65 мың), Өзбекстан (55 мың) және Беларусьтен (45 мың) кейінгі орында тұр.

Армения, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Молдова бұл көрсеткіш бойынша Қазақстаннан төмен орналасқан.

Халықтың жыл сайын әскер жасына жетуі бойынша Қазақстан төменгі орында: 142 елдің ішінде 70-орында (269,4 мың адам). Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстаннан ТМД-ның үш елі: Ресей, Өзбекстан және Украина алда.

2021 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару және қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласында 496 мың адам жұмыс істеді, бұл бір жыл бұрынғыдан 0,9%-ға артық.

Салада жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі Алматы облысында тұрады: 72,9 мың адам, көрсеткіш 1,9% төмендеді. Үздік үштікке Шығыс Қазақстан мен Қарағанды ​​облыстары да кірді.

Салада жұмыспен қамтылғандардың ең аз саны Атырау және Маңғыстау облыстарында тіркелген.

Мемлекеттік басқару және қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы орташа айлық атаулы жалақы бір жылда 11,9%-ға өсіп, 245,4 мың теңгені құрады.  Жалақының сатып алу қабілетінің нақты өсімі 2,9%-ды құрады.

Қазақстанның 17 аймағының тек екеуінде ғана орташа республикалық деңгейден жоғары жалақы тіркелген. Мұнда елорда көш бастап тұр: 469,1 мың теңге – республика бойынша орташа көрсеткіштен 1,9 есе көп (жылдық өсім – 5,8%-ға). 

Одан кейін Алматы қаласы: 263,4 мың теңге. Үздік үштікті Қызылорда облысы қорытындылады: 244,4 мың теңге, дегенмен бұл қазақстандық орташа көрсеткіштен төмен.

Сектордағы ең төменгі жалақы Шығыс Қазақстан облысында тіркелді: бар болғаны 198,7 мың теңге.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу