Қазақстандағы ең өтімді жеңіл автокөлік анықталды

1260

Қазақстандағы ең өтімді жеңіл автокөлік анықталды

2017 жылы Қазақстандағы жаңа көлік саудасы 2016 жылға қарағанда әлсіз. Дегенмен, өсім қарқыны жаман емес, деп хабарлайды naryk.kz.

Нақтырақ айтар болсақ, сәуір айында (3 653) қаңтардағыдан (2 374) 1,5 есе көп сатылды.

Кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктердің саудасы да өсіп келеді. Дегенмен, қыстағы көрсеткішпен салыстырғанда өсім қарқыны бәсеңдеген. Атап айтар болсақ, мұндай көліктердің қаңтар айында 1 029 данасы, ақпан айында 1 097 данасы наурызда 1 095 данасы, ал сәуірде 1 290 данасы өткен.

Қыста көліктердің маркалары бойынша абсолютті көшбасшы “Нива” көлігі болса, сәуір айында Toyota Camry седаны ең жоғары сұранысқа ие болды.

Осылайша, көктемге қарай жол талғамайтын көліктердің орнына седан мен хэтчбектер көбірек саудаланған. Соңғы екі түрлі көліктің өтімі 38 пайыздан 43,5 пайызға артты.

Ең көп сатылған көліктердің көш басында “Камри” болса, екінші орында Ravon Nexia R3, одан кейін LADA Largus пен LADA Granta бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу