Жаз бойы бұл жолмен 4,3 миллионнан астам көлік жүріп өткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"ҚазАвтоЖол" компаниясының мәліметінше, Қазақстанның республикалық маңызы бар жолдарындағы 28 ақылы учаскеде 25,8 миллион көлік жүріп өткен. Орта есеппен күн сайын ақылы автобандармен 281 мың автомобиль қатынаған.
Қазақстандағы ең көп жүктелген ТОП-10 автожол:
- Алматы – Қонаев – 4 310 266 көлік;
- Шымкент – Өзбекстан шекарасы – 2 682 324;
- Шымкент – Тараз – 1 872 053;
- Тараз – Қайнар – 1 815 796;
- Астана – Теміртау – 1 493 818;
- Астана – Щучинск – 1 460 655;
- Шымкент – Қызылорда – 1 408 438;
- Қонаев – Талдықорған – 1 202 409;
- Щучинск – Көкшетау – 1 063 372;
- Таразды айналып өтетін жол (Қайнар – Шымкент) – 945 725.
- Осы он учаскеге ақылы жолдардағы жазғы трафиктің 71 пайызы тиесілі болды (18,2 миллион көлік жүрісі).
Қазақстандықтар тағы қай бағыттарға белсенді қатынады:
Тізімнің екінші жартысын өңірлік және шекара маңындағы бағыттар құрады:
- Қостанай – Денисовка – 853 586;
- Астана – Павлодар – 837 185;
- Қарағанды – Балқаш – Бұрындайтал – 788 183;
- Алматы – Қорғас – 767 108;
- Көкшетау – Петропавл – 591 025;
- Қызылорда – Арал – 567 233;
- Павлодар – Семей – Қалбатау – 461 152;
- Шу – Бұрындайтал – 392 358;
- Ақтөбе – Ресей шекарасы (Орынбор) – 376 518;
- Қандыағаш – Мақат – 297 804;
- Талдықорған – Өскемен – 286 907;
- Қостанай – Ресей шекарасы (Троицк) – 281 813;
- Үшарал – Достық – 267 250;
- Павлодар – Ресей шекарасы (Омбы бағыты) – 262 766;
- Орал – Ресей шекарасы (Самара бағыты) – 192 314;
- Орал – Ресей шекарасы (Саратов бағыты) – 169 382;
- Бұрындайтал – Құрты – 128 487;
- Бейнеу – Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы).
Инфрақұрылым және электромобильдер
"ҚазАвтоЖол" компаниясында жол төсемін жөндеумен қатар, жол бойындағы инфрақұрылым да дамып жатқанын атап өтті. Қазір республикалық маңызы бар трассалардың бойында шамамен 1,5 мың сервистік нысан жұмыс істейді. Олардың қатарында жанармай құю станциялары, қонақүйлер, демалыс орындары және кафелер бар.
Сонымен қатар трассалар электромобильдермен саяхаттауға бейімделіп жатыр. Негізгі қалааралық бағыттарда қазірдің өзінде 60-тан астам электр қуаттау станциясы (ЭҚС) іске қосылған.