Қазақстандағы ең тапшы мамандықтар анықталды

7379

Бұл тізімде күзет қызметі көш бастап тұр. 

Қазақстандағы ең тапшы мамандықтар анықталды

2019 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша электрондық еңбек биржасында ең тапшы маман күзетші екені анықталды.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы таратқан мәліметтерге сүйенсек, осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша еңбек нарығында 3,3 мыңнан астам күзетші орны бос қалған. Одан бөлек, тапшы мамандықтардың үздік бестігіне тәрбиешілер (1,5 мың бос орын), даяшылар (1,5 мың), сатушы-кассирлер (1,3 мың) және тәрбиешілердің көмекшілері (1,2 мың бос орын) кірді.

Сонымен қатар, сұранысқа ие кәсіп қатарында санитарлар, жүк көліктерінің жүргізушілері, орта мектеп мұғалімдері, жол салумен айналысатын жұмысшылар, сатушы-кеңесшілер бар. 
Жалпы республиканың әр аймағында мамандарға деген сұраныс айтарлықтай ерекшеленеді. Мысалы, күзетшілерге арналған жалпы бос орындар санының үштен екісі еліміздің екі өңіріне тиесілі. Қостанай облысында (1050 бос жұмыс орны) және Нұр-Сұлтан қаласында (1034 бос жұмыс орны) осы кәсіпті өміріне серік еткендер аз. Ал Шымкентте керісінше күзетшілер тіпті 25 тапшы мамандық тізіміне де енбейді. Еліміздің оңтүстік мегаполисінде ең сұранысқа ие кәсіп - орта мектеп мұғалімі (935 бос орын). 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша еңбек нарығында күзетшілерге 4,4 мыңнан аса бос орын тіркелген. Сондай-ақ, тапшы мамандықтардың қатарына даяшы, жүк тасушы, санитар кірген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу