Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз қалады

Үкімет ең төменгі жалақы, яғни 85 мың теңгені арттыру идеясын құп көрмей отыр. 

Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз қалады Фото: inbusiness.kz

Мұны Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Қазір біздің алдымызда ең төменгі жалақыны көтеру жоспары тұрған жоқ. Бүгінде ең төменгі жалақы мөлшері – 85 мың теңге, әзірге оны арттыруды қарастырып отырған жоқпыз, – деді Серік Жұманғарин Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұл шешімге Қаржы министрі Мәди Тәкиев те қарсылық білдірмеді. Бірақ, нақты есептеу жүргізілгеніне назар аударды. 

– Біз есептегенде, барлық көрсеткіш қарасақ, орташа, минималды мөлшер шамамен 90 мың теңге болуы керек. Бірақ, жағдайды ескере отырып, қазіргі деңгейде қалдыруды жөн көрдік, – деп қосты ол. 

Бұған дейін жыл басынан бері ЖІӨ өсімі 6,3%-ға жеткенін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу