Жоба тұрақты және экологиялық туризмді дамытуға, сондай-ақ табиғи, тарихи әрі мәдени мұрасы ерекше ауылдық аумақтарды ілгерілетуге бағытталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2026 жылдың қорытындысы бойынша "Үздік туристік ауыл" байқауының жеңімпаздары ретінде мына елді мекендер танылды:
- Басши (Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы);
- Торайғыр (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы);
- Берел (Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы);
- Коробиха (Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы);
- Имантау (Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы).
Былтыр аталған байқауда Лепсі (Жетісу облысы), Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы), Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы), Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы) және Шабанбай би (Қарағанды облысы) ауылдары жеңімпаз атанды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу