Қазақстандағы кәсіби мерекелер тізімі тағы бір күнмен толығады

753

1 ақпан күні Азаматтық авиация күні аталып өтіледі

Қазақстандағы кәсіби мерекелер тізімі тағы бір күнмен толығады Фото: gov.kz

Қазақстанда мерекелік күндер тізіміне жаңа бір дата қосу жоспарланып отыр.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп жазады inbusiness.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, мұндай бастаманы ҚР азаматтық авиация кәсіпорындарының бірлескен соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі көтерген.

Үкімет қаулысы қабылданса, бұл мереке республика көлемінде атап өтіледі.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 11 шілдеге дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу