Қазақстандағы киік саны 1,9 млн-нан асты

533

Олардың ішіндегі ең көп Орал популяциясының саны - 1,13 млн. дарақ. Ал Бетпақдала 745 300, Үстіртте 39 700 ақбөкен бар.

Қазақстандағы киік саны 1,9 млн-нан асты Фото: ҚР Экология министрлігі

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, елімізде киік саны 1,9 миллионнан асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

2023 жылғы әуе санағы дерегіне сәйкес киіктердің үш популяция саны биыл 597 мың басқа артты. 

Еске сала кетейік, киіктердің санын анықтау мақсатында елімізде 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында әуе санағы жүргізілді. Аталмыш жануарларды санауға "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу