Алматыдағы Қырғызстанның Бас консулдығы студенттермен кездесті

762

Кездесу әлеуметтік желіде қазақтар мен қырғыздардың тарихына қатысты даулы пікірлер айтқан екі қырғызстандық студенттің жағдайынан кейін өтті.  

Алматыдағы Қырғызстанның Бас консулдығы студенттермен кездесті Фото: instagram/kgconsulate_almaty

Қырғыз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының ғимаратында Алматыда білім алып жатқан қырғызстандық студенттермен кездесу өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында Қырғыз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ж.Асанкулов студенттердің оқу барысы мен тұрмыс жағдайын сұрап, білім алу кезінде туындаған мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

"Сонымен қатар студенттерге шетелде болу ережелерін сақтау, әлеуметтік желілердегі түрлі қауіп-қатерлерден сақтану, алаяқтық схемаларын ажырату және олардан қорғану жолдары туралы ақпарат берілді, – делінген консулдық парақшасындағы ақпаратта. 

Кездесу кезінде студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар мен кеңестер алды.

Тараптар Алматыдағы қырғызстандық студенттер қауымдастығының жұмысын жандандыру және бірлескен іс-шаралар өткізу мәселелерін де талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу