Қазақстандағы McDonald's мейрамханалары жұмысын тоқтатады

809

McDonald's өзінің Қазақстандағы барлық қаласындағы мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды inbusiness.kz компанияға сілтеме жасап.  

Қазақстандағы McDonald's мейрамханалары жұмысын тоқтатады Фото: mcdonalds.kz

"Қазақстандағы McDonald's 18 қарашадан бастап жергілікті жеткізушілердің жұмысындағы шектеулерге байланысты өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады. Компания жұмысты тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салуда. Мейрамханалардың ашылу мерзімі туралы кейінірек хабарланатын болады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, аталмыш компанияның мейрамханалары Қазақстанның бірнеше қаласында бар. Атап айтсақ  Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларында 24  мейрамхана 2000-ға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу