Қазақстандағы орташа жалақы 461 мың теңгеден асты

192

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

Қазақстандағы орташа жалақы 461 мың теңгеден асты Фото: Егемен Қазақстан

Қазақстанда 2026 жылдың І тоқсанында орташа айлық атаулы жалақы 461 486 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 9,1% болған. Ал медианалық жалақы 331 527 теңге деңгейінде қалыптасты.

Жалақы өсімі ең жоғары байқалған салалар:

  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 20,3%;
  • қаржы және сақтандыру қызметі – 18,1%;
  • сумен жабдықтау және қалдықтарды өңдеу – 16,5%;
  • энергетика саласы – 14,7%;
  • көлік және қоймалау – 12,9%;
  • өнеркәсіп – 11,6%.

Сонымен қатар денсаулық сақтау саласында жалақы 7%-ға, білім беру саласында 4,2%-ға өскен.

Өңірлер арасында ең жоғары өсім Абай облысында тіркелді – 14,2%. Одан кейін Павлодар облысы – 12,4%, Жетісу облысы –  12,2%, Алматы облысы – 10,9% және Алматы – 10,7%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу