Сбербанк 360 миллион теңге көлемінде қарыз берді

880

Сбербанк 360 миллион теңге көлемінде қарыз берді

Сбербанктің Қазақстандағы еншілесі "Seven Refractories Asia" ЖШС-ға 360 миллион теңге көлемінде өтеу күні белгіленбеген несие желісін ашты, деп хабарлайды Интерфакс- Қазақстан.

Алғашқы транш 2017 жылдың қыркүйегінде 100 млн теңге көлемінде аударылған болатын. Бұл қаржы отандық және шетелдік ірі метталлургиялық комбинаттарда кеңінен қолданылатын отқа төзімді материал үшін шикізат сатып алуға жұмсалады. 

Банк пен компанияның келісіміне Даму қорының "Өндіріс" бағдарламасы аясында қолдау көрсетіледі.

"Қазақстанның өндірістік өнеркәсіп орындары отқа төзімді материалдарды Қытай мен Ресейден әкеледі. Біздің жоба импортты алмастыруға мүмкіндік береді. Компания республика көлемінде енді ғана танылып келеді. Қазақстанда бұл өнімдердің баламасы жоқ. Біз жоғары сапалы отқа төзімді материал жасайтын ең бірінші өндіріс орны боламыз" - дейді компанияның директоры Максим Глазунов.

Бұл ЖШС Қазақстанда 2017 жылдан бастап жұмысын бастады. Зауыттың егелері - Еуропада 30 жылдан бері танымал болып келе жатқан белгілі холдинг.

Бүгінде Словения, Германия, Аустрия, Италия, Ресей, Қазақстан, Украина елдерінде компанияның бөлімдері ашылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу