Қазақстандағы Өзбекстан жылына арналған халықаралық велошеру өтті

661

Қазақстандағы Өзбекстан жылына арналған халықаралық велошеру өтті

Ташкент-Шымкент велошеруінің қатысушылары 130 км қашықтықты артқа тастап Шымкент қаласына келді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Таңғы сағат 10-да Ташкент орталығынан велошеру бастау алды. Велосипедшілер "Жібек жолы" кедендік бекетіне жетіп "жасыл дәліз" арқылы өтті. Қазақстан жерінде жүрек жалғап алған қатысушылар, алдағы  100 км қашықтықты жүріп өтуді мақсат етті.

Аталған велошеруге қатысуға Қазақстан және Өзбекстан азаматтары өтініш білдірген. Қазақстаннан Алматы, Астана, Тараз және Шымкент қалаларының тұрғындары қатысты. Қатысушылар арасында ең үлкенінің жасы – 60 жаста болса, ең кішкентайы- 11 жаста.

Айта  кетейік, қатысушылардың барлығы кәсіпқой велосипедшілер емес. Олардың барлығына арнайы жағдай жасалып, әрбір 25 шақырым сайын жүрек жалғайтын тағамдар ұйымдастырылған шатырлар орналастырылған болатын.

Велошеруге қатысушылар 130 шақырымды  басып өтіп, кешкі 18:00-де Шымкент қаласының орталығына келіп жетті. Оларды күтіп алған оңтүстікқазақстандықтар зор қошеметпен қарсы алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу