Қазақстандағы Сбербанк пен ВТБ-ның жаңа иесіне АҚШ-тан рұқсат алуға көмектесеміз – Мәдина Әбілқасымова

1103

"Сбербанк мен ВТБ Банктің Қазақстандағы еншілес ұйымдарын сатып алатын инвесторлар анықталса, онда банктерді АҚШ-тың санкциялық тізімнен алып тастауға жәрдемдесеміз", - деп мәлімдеді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова.

Қазақстандағы Сбербанк пен ВТБ-ның жаңа иесіне АҚШ-тан рұқсат алуға көмектесеміз – Мәдина Әбілқасымова

Оның айтуына қарағанда, агенттік бүгінде аталмыш банктерге қатысты санкция шектеулерін бұзбай, қатаң сақтап отыр. Бұл – қазақстандық банктерді Ресейге қатысты екінші қайтара салынуы мүмкін санкциялардан сақтандыру амалы, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

“Біз санкция салынған ұйымдар мен тұлғаларға тыйым салынған операциялар орындалмауын қадағалаймыз. Ресейлік еншілес банктердің меншік иесі ауысқан жағдайда осындай қатерлер ықтималдығы айтарлықтай төмендейді деп есептейміз", - деп қосты Әбілқасымова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу