Қазақстандағы туризмді дамыту: Air Astana, Kazakh Tourism және 5 аймақ күш біріктіруге келісті

260

Басты мақсат – жолаушылар легін ұлғайту және Қазақстанның халықаралық нарықтағы орнын нығайту.  

Қазақстандағы туризмді дамыту: Air Astana, Kazakh Tourism және 5 аймақ күш біріктіруге келісті Фото: t.me/PR_AirAstana

Алматыда 21 қыркүйекте "Эйр Астана" АҚ, "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ және Қазақстанның бес аймағы 2027 жылға арналған стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Серіктестіктің басты мақсаты – кіру туризмін дамытуды қолдауда синергеялық әсер қалыптастыру, жолаушылар легін ұлғайту және Қазақстанның халықаралық нарықтағы орнын нығайту.

Келісімге Air Astana, Kazakh Tourism, Астана мен Алматы әкімдіктері, сондай-ақ Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстары қол қойды.

Тараптар Қазақстанды туристік бағыт ретінде ілгерілету жөніндегі бірлескен бастамаларды іске асыру үшін өздерінің маркетингтік, коммуникациялық және ұйымдастырушылық ресурстарын біріктіреді. Ынтымақтастық digital науқандарды өткізуді, ірі халықаралық көрмелер мен роуд-шоуларға қатысуды, халықаралық серіктестер мен БАҚ өкілдері үшін танысу сапарларын, B2B іс-шараларын, сондай-ақ басым нарықтарды бірлесіп талдауды қамтиды.

"Шетелдік меймандарды тарту – бұл ең алдымен бірлескен еңбектің нәтижесі. Мүмкіндіктерімізді ұлттық әуе компаниясымен және өңірлермен тоғыстыру арқылы біз сыртқы нарықта Қазақстанның танымалдылығын арттырамыз. Бұл қадам елімізге саяхатшылардың тұрақты келуін қамтамасыз етіп, аймақтардағы қызмет көрсету саласы мен бизнестің өркендеуіне жол ашады", – деп атап өтті "Kazakh Tourism" ҰК" Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов.

"Біз Қазақстанға халықаралық авиатасымалдардың өсуімен бірге кіру туризмін бірлесіп дамытуға бағытталғанбыз", – деді Air Astana компаниялар тобының бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу