Қазақстандағы жалғыз балалар теміржолының биылғы маусымы ашылды

902

Биыл локомативтің экипаж бөлігі толық жөнделді. Билет бағасы бұрынғыша – 200 теңге.

Қазақстандағы жалғыз балалар теміржолының биылғы маусымы ашылды

Қарағандыдағы балалар теміржолы биыл өз жұмысын әдеттегіден ертерек бастады. Өткен демалыстарда онымен 1 мыңға жуық бала сапар шекті, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Сенбі және жексенбі күндері біз 962 билет саттық. Үш жасқа дейінгі балалар тегін жүретінін ескерсек, жолаушылардың жалпы саны мыңға жетті", ­– дейді балалар теміржолының басшысы Виктор Луценко. 

Биыл локомативтің экипаж бөлігі толық жөнделді. Билет бағасы бұрынғыша – 200 теңге.

Айта кетсек, балалар теміржолы Қарағандыда 1956 жылдан бері істейді және бүгінде Қазақстанда жұмыс істеп тұрған жалғыз балалар теміржолы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу