Қазақстандағы жол-көлік оқиғаларының 12%-ы қайғымен аяқталды

544

Жол апаттарында қаза тапқандар саны 7%-ға азайды. 

Қазақстандағы жол-көлік оқиғаларының 12%-ы қайғымен аяқталды Фото: inbusiness.kz

Олардың арасында кәмелетке толмағандардың саны былтырғыға қарағанда 24%-ға көп, деп жазады inbusiness.kz    energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Биылғы 4 айда елімізде 3,4 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,3%-ға аз. Оның ішінде 404 оқиға (12,1%) өліммен аяқталды.

Жүргізушілердің кінәсінен 2,9 мың жол-көлік оқиғасы, жаяу жүргіншілердің – 81, жол қызметтері мен мердігерлердің кінәсінен 1 апат болды.

Өңірлік бөліністе жол апаттарының басым бөлігі Алматыда тіркелді: 957 жағдай. Антилидерлер қатарында Алматы (336 жағдай) және Жамбыл (305 жағдай) облыстары да бар.

Ең аз жол-көлік оқиғасы Ұлытау облысында: жыл басынан бері 13 жағдай. Одан кейінгі орындарда Солтүстік Қазақстан (64 жағдай) және Қарағанды (82 жағдай) облыстары орналасты.

Осы жылдың қаңтар–сәуір айларында ЖКО санының өсуі 2 өңірде ғана байқалды: Батыс Қазақстан (+19,7%) және Павлодар (+1,6%) облыстары.

Көрсетілген кезеңде жол-көлік оқиғасы салдарынан 4,8 мың адам зардап шекті. Бұл былтырғыға қарағанда 14,8%-ға аз.

Жол апаттарынан 522 адам қаза тапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,3%-ға аз, оның ішінде 375 ер адам мен 147 әйел. Қаза тапқандардың арасында 52 кәмелетке толмағандар болды (өсім – 23,8%).

Республика бойынша ЖКО-дан ең көп зардап шеккендер Алматы (1,1 мың адам), Алматы (505 адам) және Жамбыл (501 адам) облыстарында болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу