Қазақстандағы жұмыссыздық 0,2%-ға азайды

1421

Қазақстан еңбек нарығында жұмыссыздық сәл де болсын азайды, деп хабарлайды Atameken Business.     

Қазақстандағы жұмыссыздық 0,2%-ға азайды

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, қазір бұл көрсеткіш 4,8% шамасында тұр. Ал өткен жылдың соңғы 2 тоқсанында оның межесі 5%-ды құраған. Жалпы бүгінде елде тұрақты түрде еңбек ететіндер ресми 9,2 млн адам. Оның 69,5%-ы 15 жастан жоғары азаматтар. Тағы 1,5 млн адам өзін-өзі еңбек қамтып жүрген шағын кәсіпкерлер. 555 мыңы тәуелсіз жұмыскерлер санатында тіркелген.  Олардың басым бөлігі сауда-саттық, агро және білім саласын жүр. Жастар арасындағы жұмыссыздық 3,6%-ға, яғни 76,6 мың адамға тең. Үкімет пандемия жағдайына орай жұмыссыздықпен күресуге 2 трлн теңге шығындауды жоспарлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу