Қазақстанды кедейшілік жайлауы мүмкін

5556

Дүниежүзілік банктің болжамы осындай.

Қазақстанды кедейшілік жайлауы мүмкін

Коронавирус пандемиясынан кейінгі дағдарыс Қазақстандағы кедейшілік пен теңсіздіктің өршуіне әкеліп соғуы мүмкін. Дүниежүзілік банктің Қазақстан бойынша экономикалық баяндамасында осындай болжам айтылды.

Құжатта жазылғандай, Covid-19 салдары Қазақстан экономикасы үшін соңғы жиырма жылдағы ең ауыр соққы болайын деп тұр. Қазірдің өзінде экономиканың өсуіне айтарлықтай кері әсерін тигізіп жатыр. 

"Бұл дағдарыс кедейшіліктің кең етек жаюына, теңсіздіктің белең алуына себеп болуы ықтимал. Біздің есебіміз бойынша, кедейшілік деңгейі 2020 жылы 8,3%-дан 12,7%-ға дейін өседі. Яғни жоқшылықтың зардабын 800 мыңнан астам адам тартпақ", – деп жазылған баяндамада.

2009 және 2015 жылдары мұнай бағасының төмендеуінің салдарынан сұраныс азайып, қаржы секторында тұрақсыздық орнаған еді. Осы жолы індетті ауыздықтауға бағытталған шектеу шараларының кесірінен экономикадағы ұсыным қысқарған. 

"Осы орайда үкімет кей мемлекеттік бағдарламардағы қаржыны қайта қарастырып, оны білім беру мен денсаулық сақтау салаларына бөлуі қажет. Сонымен қатар жұмысшылар мен жұмыс берушілерге уақытша қолдау көрсетілуі керек. Экономиканы ынталандыруға бағытталған шаралар пандемия аяқталғаннан кейін экономикалық өсімнің қалпына келуіне ықпала етеді. 2020 жылы елдің ЖІӨ 3%-ға қысқарып, 2021 жылы 2,5%-ға сәл өсуі мүмкін", – дейді Дүниежүзілік банктің сарапшылары. 

Табиғат Нұрболат

Фото: eadaily.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу