"5 жыл кіре алмайды": Қазақстанды қорлайтын сөздер айтқан шетелдік блогер елден шығарылды

696

Шетел азаматы Г.К. Астана әуежайында Қазақстан аумағынан шығарылды.  

"5 жыл кіре алмайды": Қазақстанды қорлайтын сөздер айтқан шетелдік блогер елден шығарылды Фото: Inbusiness.kz коллажы

Бұған дейін сот оны әлеуметтік желілерде арандатушылық және әдепке қайшы пікірлер жариялағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан болатын, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ оған Қазақстанға 5 жыл бойы кіруге тыйым салынды.

"Заң талаптарын сақтау және Қазақстанға құрметпен қарау – ел аумағында жүрген әр азамат үшін міндет", – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.

Департамент таратқан видеода 2 полиция қызметкері шетелдік азаматшаны ұшаққа отырғызғанға дейін шығарып салған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу