Былтыр елімізден 20 мыңнан аса білікті маман көшіп кеткен

1821

Былтыр елімізден 20 мыңнан аса білікті маман көшіп кеткен

Елімізден мамандар көптеп кетуде: 2017 жылы 20 мыңнан астам адам кетіп қалған. Ал Қазақстанға келген білікті мамандар төрт есе аз. Бұл туралы finprom kz сараптама порталы хабарлайды.  
2017 жылы елімізден 37,7 мың адам кеткен. Бұл 2015 жылы кеткен 30,1 мың адамнан 25,3%-ға артық. ТМД елдеріне кеткен қазақстандықтар саны - 33,7 мың болса, одан тыс елдерге 4 мың адам көшкен. 
Қазақстаннан кеткен білікті мамандардың үлесі - 54%, яғни 20,4 мың адам болған. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 17%-ға көп болып отыр. 
Ал Қазақстанға келгендер саны небәрі 16,1 мың адамды құрайды (ТМД елдерінен - 11,6 мың, басқа елдерден 4,5 мың), 2015 жылғы көрсеткіштен салыстырсақ, эмигранттар 3,5%-ға аз. Ол кезде 16,7 мың адам келген болатын. 
Кері сальдо 21,6 мың адамды құрады. 
2017 жылы елімізге келген білікті манадардың саны 5,8 мың ғана. Олардың Қазақстанға келгендердің жалпы санындағы үлесі - 36%, ал 2015 жылы бұл 40,9% болған.
Техникалық мамандық иелері бойынша - 6,6 мың адам, экономикалық мамандық бойынша - 3,6 мың адам және педагогикалық мамандық бойынша 2,3 мың адам кеткен.  
Кеткендердің орнына 1,3 мың техникалық мамандық иесі, 841 экономист және 718 педагог келген. 
Тап осы үш саладағы көші-қон  көрсеткішінің сальдосы өте жағымсыз болып отыр. Яғни осы саладан кеткендердің орны толығып отырған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу