Қазақстанды өзгерістер күтіп тұр – Азат Перуашев

6659

Оның айтуынша, қаржы саласында бақылауды күшейту қажет.  

Қазақстанды өзгерістер күтіп тұр – Азат Перуашев

Елде бюджет ашықтығын қамтамасыз ету қажет. Себебі, кейбір адамдардың қалай байып жатқанын білмей отырмыз. Бұл туралы Atameken business телеарнасына берген сұхбатында мәжіліс депутаты Азат Перуашев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Қазақстанды өзгерістер күтіп тұр. Бюджет ашық болатын жүйе құру керек. Бүгінде бюджеттегі қомақты қаржы Парламенттен тыс жерде. Себебі, ол қоғамдық бақылаудан тыс. Ол (бюджет қаржысы – автор) ұлттық компаниялар, квазимемлекеттік секторда. Олардың бюджетін ешкім қарастырып бекітпейді, ал бұл мемлекет қаржысы ғой. Олар ақшаны қалай жұмсау керегін өздері шешіп отыр", - деді депутат.

Ол Президент "ұлттық компаниялар табысының 50% бюджетке түсіріңдер" деп тапсырма бергенін, бірақ ол іс жүзінде орындалмағанын атап өтті.

"...Ұлттық компаниялардың табысы бюджетке түсуі керек. Кейін олар қанша қаражат жұмсалатынын Парламентте дәлелдеп алуы керек...

Бізге парламентаризм институтын енгізу керек. Бұл саяси жүйеге қатысты болмауы мүмкін. Бірақ бұл өзгеріс бюджет ашықтығын қамтамасыз ету үшін қажет. Себебі, бізде біреулер байып жатыр. Олардың қалай байып жатқанын білмей отырмыз, екінші біреулері тақыр кедей. Бюджет қаржысының басым бөлігі: табиғи ресурстарды сатудан түскен қаржы және тағы басқа қалай жұмсалып жатқаны белгісіз. Бұл саланы ретке келтіруіміз керек. Бізге парламентаризм институтын енгізу қажет", - деп түйіндеді сөзін Азат Перуашев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу