Қазақстанды жаяу аралаған қарияға Жезқазғаннан пәтер берілді

730

72 жастағы ақсақал Сәрсенбай Қотырашов алты ай ішінде Қазақстанды аралап шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанды жаяу аралаған қарияға Жезқазғаннан пәтер берілді Фото: egemen.kz

Ақсақал Жезқазғаннан шығып, елдің шығысымен өтіп, Каспийге жеткен. Ол бас-аяғы 8000 шақырымды жүріп өтіпті. Күш-қайраты қайтпаған саяхатшы қарияға "Қазақмыс" компаниясы жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған 2 бөлмелі пәтердің кілтін сыйға тартты.

"Бұл шынымен керемет нәтиже! Біздің облыстың барлық тұрғындары БАҚ арқылы сіздің сапарыңызды бақылап, сізге сәттілік тілеп, денсаулығыңызға алаңдап, ортамызға оралғаныңызды тіледі. Сіздің бұл ісіңіз жас ұрпақ үшін үлкен үлгі. Бүгін Қазақмыс компаниялар тобының басшылығы атынан сізді шын жүректен құттықтағым келеді. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір және сарқылмас қуат тілейміз. Сіздің  осы ерлігіңіз үшін сізге Жезқазған қаласындағы екі бөлмелі пәтердің кілтін  табыстаймыз", деп құттықтады "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нұриев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу