Қазақстандық әйелдер қандай мамандықты таңдайды

716

Мереке қарсаңында Ұлттық статистика бюросы арулардың мамандық рейтингісін әзірледі. 

Қазақстандық әйелдер қандай мамандықты таңдайды Фото: google

Оған сәйкес қыз – келіншектер көбіне мұғалім болуды ұйғарады екен деп жазады inbusiness.kz.

Еңбек нарығында барлығы 4,3 млн әйел тұрақты жұмыспен қамтылса, соның 851 мыңы білім беру саласында қызмет етеді. Екінші орында сауда – саттық саласы. 828 мың нәзік жанды көтерме және бөлшек саудамен айналысып нәпақа тауып отыр. Ал үшінші орынға ауыл шаруашылығы саласы жайғасты. 451 мың әйел ауыл, орман және балық шаруашылығында жұмыс істейді.

"Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 401 мың қазақстандық, өндіріс саласында 328 мың әйел жұмыс істейді. Ал мәдениет пен ойын-сауықта небары 74 мың қыз-келіншек еңбек етеді"- дейді Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу