Оның қазіргі жалғыз табыс көзі мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақы, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот 4,5 млн теңге қарызы бар қазақстандық әйелге қатысты сот банкроттығы процедурасын қолданды.
Әйелде ЖШС-дағы үлестің болуы кедергі болған жоқ, өйткені оның шынайы құны бар-жоғы 26 677 теңгені құрады.
Бірінші және апелляциялық инстанция соттары бұған дейін әйелге банкроттық процедурасын қолданудан бас тартқан еді. Бұған оның ЖШС жарғылық капиталының 25,9%-ына иелік етуі негіз болды.
Кассациялық инстанция мұндай тәсілмен келіспеді. Сот компанияның екі жылдан астам уақыт бойы іс жүзінде қызмет атқармайтынын, ал оның барлық мүлкі 103 мың теңгеге бағаланғанын анықтады. Өтініш берушіге тиесілі үлес 26 677 теңгені құрайды, бұл 4,5 млн теңгелік қарызды өтеуге жеткіліксіз. Әйел серіктестікке қатысудан да ешқандай табыс алмайды.
Сот заңды тұлғадағы үлестің формалды түрде болуы сот банкроттығынан бас тартуға өзінен-өзі негіз бола алмайтынын түсіндірді. Мүліктің шынайы құнын және борышкердің іс жүзіндегі төлем қабілеттілігін ескеру қажет.
Істі қарау қорытындысы бойынша кассация төменгі инстанциялардың шешімдерін жойып, әйелге қатысты сот банкроттығы процедурасын қолданды.