Джеки Чанның жаңа жобасына қазақстандық актер қосылды

255

Қазақстандық актер Рүстем Омаров әйгілі Джеки Чанның халықаралық жобасы – "Құдіретті сауыт: Ультиматум" фильмінің түсіріліміне қатысады. 

Джеки Чанның жаңа жобасына қазақстандық актер қосылды Фото: _omarov_rustem/instagram.com

Salem Entertainment компаниясының хабарлауынша, Рүстем Омаров бұл жобаға сценарист әрі актер ретінде қатысып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Бала күнгі кумирім Джеки Чанмен бірге бір туындыда ойнау – мен үшін үлкен қуаныш әрі жауапкершілік, – деді актер.

Еске салайық, қазан айының басында "Құдіретті сауыт" франшизасының төртінші бөлімі Қазақстанда түсірілетіні белгілі болған еді.

Бұл танымал франшиза – 1986 жылы Джеки Чан түсіріп, басты рөлде ойнаған культтік гонконгтық шытырман оқиғалы боевиктен бастау алған. Кейін оның жалғасы – "Құдіретті сауыт 2: Кондор операциясы" (1991) және "Құдіретті сауыт 3: Зодиак миссиясы" (2012) фильмдері шыққан.

Жаңа жобаның режиссері – қазақстандық Роберт Кун. Ол эксклюзивті сұхбатында Джеки Чанның шығармашылығы өзіне үлкен шабыт беретінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу