Белгілі альпинист Анар Бурашева Қазақстан мен Орталық Азиядан шыққан алғашқы әйел болып, әлемнің әр құрлығындағы ең биік 7 шыңды бағындырып, "Жеті шың" (Seven Summits) бағдарламасын толық аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2 жылға созылған тарих. "7 шың" жобасы. Қазақстан мен Орталық Азиядан шыққан алғашқы әйелмін. Қазір сезімдерімді сөзбен жеткізу қиын – олар тым көп", – деп жазды ол.
Анар Бурашева 2 жыл ішінде келесі шыңдарға шыққан:
– Эверест (8818 м, Азия)
– Аконкагуа (6962 м, Оңтүстік Америка)
– Денали (6194 м, Солтүстік Америка)
– Килиманджаро (5895 м, Африка)
– Эльбрус (5642 м, Еуропа)
– Винсон массиві (4897 м, Антарктида)
– Карстенз пирамидасы (4884 м, Океания)
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу