Қазақстандық арнайы жасақтар Дубайдағы SWAT Challenge-2026 турнирінде көш бастап келеді

219

Дубайда әлемнің құқық қорғау органдарының арнайы бөліністері арасында халықаралық SWAT Challenge-2026 турнирі жалғасуда.

Қазақстандық арнайы жасақтар Дубайдағы SWAT Challenge-2026 турнирінде көш бастап келеді Фото: Қорғаныс министрлігі

Биыл жарысқа 109 команда қатысып, тактикалық, физикалық және атыс дайындығының жоғары деңгейін көрсетуде, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Турнирде Қазақстан атынан бес команда қатысып жатыр. Үшінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық командалар жоғары нәтижеге ие.

Жалпы есепте Kaz SWAT Team C командасы 1-орынға көтеріліп, абсолютті көшбасшы атанды. Ал Kaz SWAT Team A 2-орында.

Қалған командалардың көрсеткіштері де көңіл қуантады: Kaz SWAT Team Tomiris - 14-орын, Kaz SWAT Team B - 16-орын, Kaz SWAT Team D - 22-орын.

Айта кетерлігі, Kaz SWAT Team Tomiris командасы әйелдер командалары арасында көш бастап тұр.

Қазақстандық командалар SWAT Challenge-2026 турнирінде отандық арнайы бөліністердің жоғары кәсібилігін және халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін айқын дәлелдеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу