Қазақстандық астықтың алғашқы легі Мароккоға жөнелтілді

150

Астықтың жалпы көлемі - 60 мың тонна.  

Қазақстандық астықтың алғашқы легі Мароккоға жөнелтілді Фото: railways.kz

Қазақстан Марокко Корольдігіне астықтың бірінші партиясын теміржол арқылы жөнелтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа-Есіл (Ақмола бөлімшесі) және Сарыкөл (Қостанай бөлімшесі) станцияларынан қазақстандық астықтың бірінші партиясы Марокко Корольдігіне жөнелтілді.

Көлемі 105 астық таситын жүк вагоны Латвия аумағы арқылы теміржол көлігімен жүріп өтеді. Лиепая портында астық теңіз кемелеріне тиеліп, Солтүстік Африка жағалауына жеткізіледі.

ҚТЖ тасымалдау өтінімдерін жедел өңдейді және логистиканы қамтамасыз етеді.

Осы бағытта еліміздің солтүстік өңірінде өндірілген астық тиелген 17 теміржол құрамын жөнелту жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу