Қазақстандық әуе компаниялары рейстерді кешіктіргені үшін өтемақы төлейтін болады

471

Өтемақы құны әрбір кешіктірген сағаты үшін билет құнының 3%-ын құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстандық әуе компаниялары рейстерді кешіктіргені үшін өтемақы төлейтін болады Фото: abilet.kz

Бұл ақпаратты Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді атады.

Айтуынша, кідіріс тасымалдаушының кінәсінен болған жағдайда ғана төлемді талап етуге болады.

Мысалы, ұшақ ұшуға дайын болмаса онда әуекомпаниясы кінәлі деген сөз. Ал ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшпай қалса, онда өтемақы төленбейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу