Қазақстандық әуе компанияларға Иран әуе кеңістігі арқылы ұшуға тыйым салынды

174

Мұндай ақпаратты Азаматтық авиация комитеті таратты.  

Қазақстандық әуе компанияларға Иран әуе кеңістігі арқылы ұшуға тыйым салынды Фото: canva

Комитет қауіпсіздік тәуекелі артқан соң барлық рейстерді қауіпті аймақты айналып өтуге міндеттеп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдағы уақытта тек ерекше өкім берілген жағдайда ғана бұл талаптан тыс шешім қабылдануы мүмкін.

"Иран аумағындағы әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігіне төнетін қатердің күшеюіне байланысты қазақстандық әуе компанияларға Иранның әуе кеңістігі арқылы, оның ішінде, шегінде және маңында ұшуға ерекше нұсқау берілгенге дейін тыйым салынды. Барлық рейстер қауіпті аймақты айналып өтетін бағыттармен жүзеге асырылуда. Жағдай ААК бақылауында, қауіп деңгейінің өзгеруіне қарай қосымша шаралар қабылданатын болады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу