Сотта айыпталушылар кінәсін мойындамаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Е., И., А.-ға қатысты сеніп тапсырылған ақшалай қаражатты иемдену және талан-таражға салу, сонымен қатар оларды заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істі қарады.
Алматы соты әуе компаниясында Е. мен И. менеджер, ал А.-ның департамент директоры болғанын, 2019 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ақшалай қаражатты иемденгені анықталғанын хабарлайды.
Сот үкімімен И. мен А.-ға ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілей отырып, 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ал Е. ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілей отырып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілді.
Сот үкімі заңды күшіне енді енеді.