Абай облысындағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтін Ерқанат Садуханов әлемге танымал әнші Ники Минаждың "Pink Friday 2" альбомының делюкс-нұсқасының саунд-продюсері болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ники Минаж – әлемдегі ең танымал рэп орындаушылардың бірі.
Ол бірнеше марапаттың иегері, оның ішінде ASCAP сыйлығын "Ең үздік хип-хоп орындаушысы" номинациясында жеңіп алған.
Сондай-ақ жақында Эминемді озып, ең көп қаралған рэпер атанды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        