Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында жалпы есепте 2-орын алды

188

Вьетнамның Вунгтау қаласында Еркін күрестен 23 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионаты аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында жалпы есепте 2-орын алды Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Құрлықтық додада қазақстандық балуандар 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль иеленді.

Нәтижесінде жалпы командалық есепте Үндістаннан кейін екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті Өзбекстан түйіндеді.

Ел құрамасынан Маис Алиев (70 келі) чемпион атағын жеңіп алды.

Күміс медальға Мерей Базарбаев (61 келі), Елнар Шілдебай (86 келі), Нұрдәулет Бекенов (97 келі) ие болса, Нұрдәулет Сейілбеков (74 келі), Асхаб Хаджиев (79 келі), Әлімжан Сәлімжан (125 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Биыл құрлықтық додаға еркін күрес бойынша 13 мемлекеттен 80 спортшы қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу