Қазақстандық банк шетел азаматтары үшін карта шығару қызметін ақылы етті

806

Бұдан бөлек картаны алу үшін банкке бару керек. Осыған дейін ол онлайн режимде жасалған.

Қазақстандық банк шетел азаматтары үшін карта шығару қызметін ақылы етті

7 қазаннан бастап "Freedom finance" банкі шетелдік азаматтарға карта шығару үшін 15 мың теңге көлемінде комиссия енгізді, деп жазады inbusiness.kz Liter.kz сайтына сілтеме жасап. 

“ҚР резидент емес тұлғалары банк картасын немесе шотын банк бөлімшесіне барған жағдайда ғана аша алады. Қашықтан немесе сенімхат бойынша ашу мүмкіндігі жоқ”, - делінген банктің баспасөз хабарламасында.

Мекеме ақшаны қайтару мүмкіндігін, "қолма-қол ақша мен аударымдарды алу бойынша жеңілдік соманы" да алып тастады.

Резидент емес тұлғаларға картаны шығару үшін шетелдік төлқұжат, ЖСН, телефон нөмірі және шекарадан өту туралы төлқұжаттағы мөр қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу