Қазақстандық банктер желтоқсанда 22 811,9 млрд теңге көлемінде кредит берген

Өткен жылдың желтоқсан айында банктердің ел эконмикасын несиелендіру көлемі 22 811,9 млрд теңгені құрады. 

Қазақстандық банктер желтоқсанда 22 811,9 млрд теңге көлемінде кредит берген Фото: inform.kz

Бұл айлық көрсеткішпен алғанда 2,7%-ға және жылдық көрсеткішпен 23,3%-ға ұлғайғанын білдіреді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап. 

Желтоқсан айының қорытынды есебіне сүйенсек жеке тұлғаларға 14 158,4 млрд теңге несие берілген. Оның ішінде  тұтынушылық кредиттеу 7,7 трлн теңгеге дейін, 1,0%-ға өсті. Ал жылдық көрсеткіш бойынша қарашамен салыстырғанда 25,3%-ға дейін баяулады. Қарашада 27,3%-ға өскен еді. Бұған басты себеп ретінде ҰБ басшысы банктердің қарашадағы маркетингтік акциялары әсер етті дейді. 

Заңды тұлғалардың кредиттері 8 653,5 млрд теңгеге дейін, жылдық көрсеткішпен 11,5%-ға өсті, айлық өсім 4,0%.

Теңгедегі кредиттердің көлемі 20 960,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Шетел валютасындағы кредиттердің көлемі 1 851,1 млрд теңгеге дейін а/а 2,8%-ға өскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу