Қазақстандық бапкер Үндістанда кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді – БАҚ

337

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.  

Қазақстандық бапкер Үндістанда кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді – БАҚ Фото: Қазақстан велоспорт федерациясы

Үндістан полициясы 34 жастағы қазақстандық жаттықтырушы Мақсат Аязбаевқа іздеу жариялады. Ол спортшы қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Times of India басылымының жазуынша, Патиала полициясы кәмелетке толмаған спортшы қызды зорлады деген күдікке ілінген 34 жастағы Қазақстан азаматы Мақсат Аязбаевты іздеп жатыр. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, ықтимал оқиға 13 қыркүйекте Ұлттық шеберлік орталығында өткен оқу-жаттығу жиыны кезінде болған. Спортшы қыз 18 қыркүйек күні арыз берген. Полиция кәмелетке толмағандарды жыныстық қылмыстардан қорғау туралы заң бойынша қылмыстық іс қозғады.

Аталған оқиғадан кейін қазақстандық жұмысынан шеттетіліп, оның Үндістан құрамасымен бірге Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарына сапары тоқтатылды. Полиция күдіктінің паспортын тәркілеп, оны іздестіріп жатыр.

Осы оқиғаға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.

"Министрлік Үндістандағы Қазақстан азаматына қатысты жағдайдан хабардар. Қазақстандық дипломаттар аталған азаматтың туыстарымен байланыста. Оған консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде. Министрлік бұл мәселені бақылауында ұстап отыр", – деді СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу