banner

Қазақстандық басқарушы компанияларға 4,7 млрд теңге зейнетақы активі берілді

660

Қазіргі кезде сенімгерлікпен басқаруды төрт компания жүзеге асырады.  

Қазақстандық басқарушы компанияларға 4,7 млрд теңге зейнетақы активі берілді

Жыл басынан бері қазақстандық басқарушы компанияларға 4,7 млрд теңге зейнетақы активтері аударылған, деп хабарлайды inbusiness.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазіргі кезде БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы төрт инвестициялық портфельді басқарушы компаниямен келісім жасасқан. Соның негізінде зейнетақы активтері сенімгерлікпен басқаруға беріле бастады. 

Төрт компанияның ішінде "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері компания қызметінің басынан (2021 жыл 15 наурыз) 2021 жылдың 1 тамызына дейін 4,13% кірістілікті көрсеткен. Halyk Global Markets сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерінің осы кезеңге дейінгі кірістілігі 2,96%-ды құрады. "BCC Invest" АҚ -да бұл көрсеткіш 2,77%. "Центрас Секьюритиз" АҚ зейнетақы активтерін 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап басқарады, осы уақыт ішінде олардың инвестициялық кірістілігі 3,99% құраған. 

Еске салайық, БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға бере алады. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу