Қазақстандық бойжеткен Нью-Йоркте көз жұмды

782

Қазақстандық бойжеткен Нью-Йоркте көз жұмды

28 жастағы Қазақстан азаматы Нью-Йоркте болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапты. Бұл ақпаратты ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қайғылы оқиға болды. Нью-Йорктегі қазақстандық дипломаттар мерт болған бойжеткеннің туыстарымен тығыз байланыс орнатып, оның мәйітін Қазақстанға жеткізу бойынша көмек көрсетуде", - деді баспасөз қызметі.

Ведомство оқиғаның мән-жайын ашып айтпады. Басқа да деректерге қарағанда, бойжеткен қыз Нью-Йоркте жұмыс істеп жүрген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу